14 Қантар 2025
22

Психологиялық жұмыстың бағыттары

Психологиялық жұмыстың бағыттары

Психодиагностика - Тұлғаның жекелей және жастық ерекшеліктерін және тұлға аралық қарым-қатынасын зерделеу. Оқушылардың тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық мүмкіндіктері мен бейімдіктерінің даму деңгейін анықтау.

2023-2024 оқу жылы жылдық жоспарға сәйкес әртүрлі психодиагностикалық жұмыстар жүргізілді.

  1. І-курс білім алушыларының тізімдерін жинақтау, топ құрамымен танысу, ортамен қарым – қатынасын бақылау
  1. Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама (Тұлғалық сауалдама СБЗ)

Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама
(Тұлғалық сауалдама СБЗ)
Қазіргі таңда мектеп психологының ең бір маңызды жұмысының бірі оқушының өмірге деген құштарлығын арттыру, суицидтің алдын алу мәселесі. Дегенмен қазақша мәліметтер мен психологиялық тестер аз. Төмендегі психологиялық тест көмегімен СБЗ анықтауға болады. Берілген сауалдама 13 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдердегі суицидалдық қауіпті нұсқамаларды анықтау үшін бағдарлаушы әдістеме ретінде құрылған, бірақ оны ересектерді зерттеу үшін де пайдалануға болады. Сауалдама невротикалық және күйзелістік жағдайларды анықтауға, сондай - ақ тез тіл табысқыштық деңгейін анықтауға арналған. Сауалдамадағы шкалдардың жалпы саны – 4, сауалдама ұйғарымдарының саны – 74.

1 шкала “И” – шынайылық шкаласы.
Нәтижелердің дұрыстығын анықтайды. 8 – 10 ұпай жауаптар шынайылығының жоғарғы деңгейін білдіреді; 4 – 7 ұпай – орташа деңгей; 0 – 3 ұпай жауаптардың шынайылығының төмен деңгейін білдіреді, тек қана әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарлаулар зерттеу нәтижелілігін төмендетеді.
2 шкала “Д” – күйзелістік шкаласы.
Күйзелістік жағдайға деген бейімділік деңгейін анықтайды. 17 – 21 ұпай – жоғарғы баға, бұл белгілер оның эмоцияналдық жағдайына, қоршаған әлеуметтік ортаға, өзіне деген көзқарасына, мінез - құлқына сай келеді. 8 – 16 орта деңгей, 1 – 7 ұпай – күйзелістіктің төмен деңгейі.
3 шкала “Н” – невротизациялықтың шкаласы.
Невротизациялықтың деңгейін анықтайды. 17 – 21 ұпай – жоғарғы баға, эмоциялық тұрақсыздықтан, мазасыздықтан көрінетін невротикалық белгілерге сай келуі мүмкін.
4 шкала “О” – тез тіл табысып кетушіліктің шкаласы.
Тез тіл табысып кетушіліктің деңгейін анықтайды. 17 21 ұпай – тез тіл табысып кетушіліктің жоғарғы деңгейі; 8 – 16 ұпай – орташа деңгей; 1 – 7 ұпай – төменгі деңгей. Тез тіл табысып кетушіліктің төмен деңгейі невротизацияның және күйзелістіктің жоғарғы көрсеткіштерімен бірігуі зерттелушінің «пассивті түрде өлімге келісім беруіне» дәрежесіне дейін апаратын қауіпті суицидалды нұсқаны білдіреді

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location