26 Ақпан 2019
2435

Колледждегі психологиялық қызмет

Психологиялық қызмет барысы

Мақсаты:

Білім беру үдерісіндегі қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету, білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және өзінің эмоциясы мен сезімдерін басқара алатын, рухани бай орта буынды медицина қызметкерлерін жетілдіру.


Міндеттері:

  • Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
  • Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
  • Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
  • Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
  • Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру;
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (заңды өкілдіктер) арасында психологиялық мәдениетті қалыптастыру;
  • Күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайдағы педагогтарға, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
  • Білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныс білдіру.

Мақсаты:

Студенттер, оқытушылар мен ата-аналарды ұйымдастыру арқылы психологиялық қызмет, оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосу. Инновациялық білім беру технологияларын қолдана отырып, студенттердің психологиялық саулығына жағымды ықпал ету, жас ерекшеліктерінде кездесетін психологиялық сәтсіздіктерді болдырмаудың жолын іздестіру.

 

Міндеті:

- Инновациялық белсенді жұмыс әдістері мен нысандарын енгізу;

- Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;

- Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен, өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;

- Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту;

- Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;

- Студенттер, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын үгіттеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

 

Негізгі жұмыс бағыттары:

- Психодиагностикалық бағыт;

- Психопрофилактикалық бағыт

- Психокоррекциялық бағыт;

- Кеңес беру;

- Психологиялық білімді көтеру.

 

Психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері:

 

- Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;

- Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;

- Бейімделу кезеңін бақылау;

- Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын алу;

- Жас мамандарға көмек;

- Ата-аналармен жұмыс;

- Іс-тәжірибе бойынша кеңестер беру.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location