17 Сәуiр 2023
923

Компланс қызметінің іс-шаралар жоспары

2024 жылдың 13 желтоқсаны жоспарға сәйкес колледждің компланс офицері Д. Масимова, білім алушалар және кураторларымен адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған бірыңғай «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты сағат өткізді.


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу

Д. Масимова - колледждің комплаенс-офицері

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз - сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер колледжде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Кейбір қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізеді. Колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексі бойынша құқықтық оқытулар өткізілуде, жиындарда хабарламалар оқылуда. Колледж сайтында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында баяндамалар жарияланды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) мақалалар үнемі жарияланады.

Оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу үшін мамандар арасында заңсыз әрекеттері туралы жеке және заңды тұлғалардың шағымдары үшін арнайы сенім жәшігі бар.

Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, еліміздің дамуы бұдан да биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.


“ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс - офицерлерінің әдістемелік кезекті семинары Талдықорған қаласында 2024 жылдың 31 қазаны күні өтті. Семинарға колледжің комплаенс - офицері Д. Масимова қатысты. Семинарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Цифрлық компланс платформасы туралы айтылды.”


Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті!
Баяндамашы: комплаенс-офицер Д.Масимова
Педагогикалық кеңес қаңтар 2024ж

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, әлемнің көптеген елдерінде өзінің тиімділігін көрсеткен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі комплаенс-қызметтерді енгізу тәжірибесі болып табылады:
Колледжде комплаенс-қызметтер енгізілді, олардың негізгі міндеті білім беру ұйымы мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу".болып табылады. Осыған байланысты, бүгінгі таңда әлемде корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс тәуелсіз қызметтерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберіндегі тиімді қызмет. Комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылады.
Заңнамаға сәйкес барлық ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері болып табылады, яғни барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерттеу мақсатында колледждің «Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмысшы тобынның» тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамы бекітілген.
Қазіргі кезде қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып, жүйелі себептер мен жағдайларды жою бағытында жұмыстар атқарылуда.
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай бүкіл өмірінде "Қандай тірлік істесең де адал істе, бос жатпа, кәсіп тап, еңбек ет" деп насихаттады. Адалдық түптеп келгенде кемел тұлға мен мықты қоғамның , рухы берік елдің, тәуелсіз ой мен сананың іргетасы. Сондықтан, жемқорлықты жоюды мақсат еткен еліміздің әрбір азаматы өз бастамасымен белсенділік танытса нәтижесін берері анық.
Колледжде "Жетісу-адалдық алаңы" жобасы аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біргеміз" атты облыстық семинар өтті. Семинарға "Панфилов ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ басшысы Алимов Нұрлан Берікұлы, Алматы облыстық "Жетісу"телеарнасының продюсер-журналисі, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетекші журналистер клубының төрағсы Қызайбаева Гүлжан Еркінқызы, Социалистік Еңбек Ері, "Алматы облысы мен Панфилов ауданының Құрметті азаматы", адал еңбегімен абыройға бөленген Айтжанова Күләш апайымыз, "Панфилов ауданының Құрметті азаматы!, Көктал ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының төрағасы, қоғамдық медиатор Солтанқұлов Сайлау Тұрлығазыұлы, сонымен қатар, аудан тұрғындары, еріктілер, студенттер, аудан, қала және ауылдық округ мекемелерінің, кәсіпорындардың қызметкерлері, депутаттар, этномәдени орталықтарының белсенді мүшелері, қоғам белсенділері, діни қызметкерлер мен аудан жастары қатысты. Биылғы оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мақсатында студенттер арасында жасырын сауалнамалар алынып, сенім жәшігі тұрақты жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық стенд орналастырылып, ДТІЖО Каримибаев Ғазиз Қайсаұлы, клуб жетекшісі Қуатбек Е клубтың белсенді мүшелері колледж ұжымы мен студенттер арасында ақпараттандыру түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және белсенді азаматтардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау ақпарат беру мақсатында колледжде семинар тренинг өткізілді.Тренинг барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала алды. Жемқорлық ауыр-дерт тақырыбында 2-курс студенттері арасында театрландырылған қойылым топ кураторларының қолдауымен өз дәрежесінде өткізілді. «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында 2-курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік салдарын бейнелейтін видеороликтер байқауы ұйымдастырылды. Үздік деп танылған жұмыстар колледж директорының мақтау грамотасымен марапатталды. Қараша айының 22- күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен "Саналы ұрпақ-2023" студенттік клубтарының облыстық байқауына колледжден Куатбек Еркін Болатұлының жетекшілігімен 301, 401 студенттерінің "Адал ұрпақ" командасы қатысып "Жаңа тыныс" номинациясына ие болып, 100000 теңге ақшалай сертификат табысталды. Құқық фракциясының ұйымдастырумен «Қоғамдық тәртіпті кім қорғайды» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Дөңгелек столға фракция мүшелерінің барлығы қатысып өз пікірлерін білдіріп белсенділік танытты. Жалпы колледждегі сыбайлас жемқорлықа қарсы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында өткізілген «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен!» тақырыбындағы ақпараттық мәліметті кадр маманы, компланенс -офицер Д.Масимова бере отырып, жастарды адал болуға өз ісіне берік болуға шақырды. «Еріктілер» клубының мүшелері Жаркент қаласы тұрғындары арасында жемқорлық фактілері орын алған жағдайда 1424 байланыс номеріне хабарласуға болатындығы туралы таратпа материалдар үлестіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Қайсаұлы топтар арасында парасаттылықты арттыру туралы ақпараттар беріп, түсіндіру жүргізе, колледж кітапханашылары Панфилов аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз» тақырыбында мерзімді басылымдар мен кітаптар көрмесін ұйымдастырды.
Парасатты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік әрбір адамның ішкі сеніміне, ойлау мен мінез-құлқының негізіне айналу қажеттілігі туралы, парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіріп, осы бағыттағы жұмысқа барлық қоғамның тартылуын қамтамасыз ету маңыздылығын айтқым келеді.

 


Атауы Жүктеу
1 2023 жылғы  арналған іс-шара жоспары pdf
2 Сертификат pdf
3 Комплаенс қызметінің жоспары 2023 pdf
4 Талапкерлерді оқуға қабылдау pdf
5 Бос орын  жұмысқа қабылдау pdf
6 Мемл сатып  алу, плагиат қарсы pdf
7 баяндама КО Д.Масимова pdf
8 бұйрық СЖ pdf

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location