Зерттелушіге арналған нұсқама
Сізді жақсы танитын және бұрыннан білетін адам сіздің айтқан сөздеріңізді сіздің атыңыздан айтатынын елестетіп көріңіз. Кейбір айтылған сөздері сізге сай келеді, кейбіреулері келіңкіремейді, сіз бұнымен келіспейсіз.
Жауаптар бланкісіне сіз келіспейтін ұйғарымдарды белгілеңіз, сіз келісетін ұйғарымдарға “қосу” деген, ал келіспейтін ұйғарымдардың алдына сәйкесінше “алу” деген белгіні қойыңыз. Егер сіздің белгілегіңіз келмесе немесе белгілей алмасаңыз ұйғарым номерін дөңгелектеп қойыңыз. Ұқыпты болыңыз, тапсырма шектеулі уақыт ішінде орындалады. Дөңгелектеп белгілемей, мүмкіндігінше дәл жауап беруге тырысыңыз. Көп толғанып отырмауға тырысыңыз. Ең бірінші ойға келетін жауаптар ең дұрыс болып шығады.
Ұсынылатын ұйғарымдар.
(ұқыпты және мұқият болыңыз, нұсқаманы сақтаңыз).
1. Мен нұсқаманы мұқият тыңдадым және барлық сұрақтарға шынайы жауап беруге дайынмын.
2. Мен жұмыс істегенде көңілімді басқа нәрсеге тез аударамын, қиялшыл және ұмытшақ болып кетемін.
3. Мен мені қоршаған адамдарға қарағанда тез шаршаймын.
4. Кей кездері мен мақтанамын.
5. Жиі жағдайда менде көңіл - күйім көтеріңкі болып жүреді.
6. Мені көңілсіз ойлар жиі мазалайды.
7. Мен адамдармен қарым қатынаста болғанды ұнатамын.
8. Мен аяғымның және қолымның мұздайтынын немесе жансызданып қалғанын жиі сеземін.
9. Мен ренжігенім туралы ұмытып кетемін.
10. Кейбір кездері самайымның дүңкілдегенін және мойынымның аясындағы тамыр соғысын сезінемін.
11. Мен көңілді ортада көңіл көтергенді ұнатамын.
12. Менің отбасымда жүйкесі тозған адамдар бар.
13. Кей кездері мен өзім нашар білетін тақырыпта сенімді сөйлеуім мүмкін.
14. Кей уақытта мен өзімді қорғансыз сезінемін.
15. Менің көп жақсы достарым бар.
16. Менің басым жиі аурады.
17. Мен әрқашанда тез қозғаламын және белсендімін.
18. Егер мен отырған кезде тез тұра қалсам, менің көзім қарауытады және басым айналады.
19. Кей кездері мен проблемалардан қашу үшін ауруымды сылтауратамын.
20. Кей кездері мен тиым салынған тақырыптарға қызығушылық танытамын.
21. Менде жиі жағдайда жаман көңіл - күй болып тұрады.
22. Менің достарым менің жұмыскерлігіме және шаршамайтыныма таң қалады.
23. Мен сезімтал және тез қозатын адаммын.
24. Өмірдегі барлық мәселелерді шешуге болады.
25. Менде қалтырау ұстамалары болады.
26. Мен көңілді анекдоттарды және көңілді әңгімелерді айтқанды ұнатамын.
27. Уақыт өте келе менің үйден мүлдем кетіп қалғым келеді.
28. Мен жиі түкке тұрғысыз нәрселерге бола қобалжимын.
30. Кей кездері мен аяқ астынан тер басып кетеді.
31. Мен өз уәдемді орындамайтын кездер болады.
32. Кей кезде мен өзімді ештеңеге жарамсыз сезінемін.
33. Маған менің кейбір таныстарым ұнамайды.
34. Менің жиі тәбетім болмайды.
35. Мен ең көңілсіз ортаның көңілін көтеру қолымнан келеді.
36. Менің отбасы мүшелерімнің кейбір әдеттері ашуландырады.
37. Мен бейтаныс адамдармен де сөйлесетін тақырып табамын.
38. Маған мені үнемі бір күш басып тұратын сияқты сезінемін және мен босаңси алмаймын.
39. Менің өмір сүргім келмейтін сәттер жиі болады
40. Мені басқалар көңілді және тез тіл табысқыш адам деп ойлайды.
41. Мен барлығын жүрегіме жақын қабылдаймын.
42. Менің кеуде тұсымда және ішімде жағымсыз сезімдер пайда болады.
43. Мен таныс адамдармен және бейтаныс адамдармен сөйлесе кетуге дайынмын.
44. Егер мен бірдеңеге қатты ашуланып немесе толғанып тұрсам, оны мен барлық тәнімен сезінемін.
45. Мен көп армандаймын, бірақ бұл жайлы ешкімге айтпаймын.
46. Кей кездері мен өте белсендімін, ал кей уақытта белсенділігім тым төмен.
47. Мен әркез шындықты айта бермеймін.
48. Бәстескенде мен нені болса да істеуге дайынмын.
49. Менің қатты уайымдайтыным соншалық, ол менің миымнан көпке дейін кетпей жүреді.
50. Мен өзімді жиі шаршаңқы және әлсіз сезінемін.
51. Мен басқалардың үстінен қалжыңдағанды ұнатамын.
52. Басқалардың сыны мен ескертулері менің жаныма батады.
53. Менің түсіме қорқынышты түстер жиі кіреді.
54. Мен өз сезімдеріме бостандық беруге және жақсы ортада көңіл көтеруге бармын.
55. Кей кездері еш себепсіз мен өзімді әлсіз сезінемін.
56. Менің жиі ұйқым қашады.
57. Кей кездері мен өсек айтамын.
58. Мен барлығына жеңіл қараймын.
59. Егер сәтсіздіктер менің өкшемнен басып жүрмесе мен жақсырақ өмір сүрер едім деп күн сайын ойлаймын.
60. Мен – өз өзіме сенімді адаммын.
61. Мені кінәлілік сезімі жиі мазалайды.
62. Мен тез жүремін.
63. Мен сәттілікке деген үмітім оңай үзілетін жағдайларға жиі тап боламын.
64. Менің басыма неше түрлі ойлар кіре беретіндіктен, менің ұйқым қашады.
65. Маған басқалар менің сыртымнан күлетін сияқты болып көрінеді.
66. Мен – уайымым жоқ адаммын.
67. Кей кездері менің ойыма кісіні ұялтатын ойлар келеді.
68. Менің жүрек қағысым жиілеп кететін жағдайлар жиі болады.
69. Кейде адамдардың арасында да мен өзімді жалғыз сезінемін.
70. Кей кездері мен көп сөйлеймін және маған өзімді тоқтату қиын.
71. Мен мені түсінетін, сергітетін, жұбататын достарды үнемі қажет етіп тұрамын.
72. Кей кездері мен өз күшіме сенбегендіктен бастаған ісімнен бас тартамын.
73. Олар басқа адамдарға солай әсер етпесе де, мені жарық шам, жарқын түстер қатты шу ашуландыратын кезеңдер болып тұрады.
74. Менің жаман әдеттерім бар.
2. Бірінші курс студенттеріне арналған «Оқу процесіне бейімделу» сауалнамасы
Мақсаты: 1 курс білім алушыларының психологиялық денсаулық жағдайын мониторингілеу және бейімделу ерекшеліктерін анықтау.
- “СОЦИОМЕТРИЯ”ӘДІСі Социометриялық әдіс - психологиялық зерттеулердегі үлкен және шағын топ мүшелерінің өзара таңдау ситуацияларын тіркеу жолымен топтағы жеке адам аралық қатынастардың құрылымын талдау мен сандық өлшеуге бағытталған әдіс болып саналады. Бұл әдісті топтардағы қатынастарды зерттеуде қолдану қазіргі әлеуметтану мен әлеуметтік психология үшін өзекті болып табылады. Әдістеменің тарихы: Социометрия әдісі 20 ғасырдың 30-жылдарында пайда болды. Бұл әдісті американдық психиатр және әлеуметтік психолог Джейкоб Морено жасаған.Оның теориясы бойынша адамның психологиялық әл-ауқаты оның тұлғааралық қарым-қатынас құрылымындағы орнымен анықталады. Қарым-қатынастар эмоционалдық жағдаймен, топ мүшелерінің өзара ұнатулары мен ұнатпауларымен анықталады. Бұл қатынастарды нақтылау үшін социометрия әдісі жасалды. Әдістеменің мақсаты: Бұл тест арқылы сіз сынып мүшелері арасындағы өзара эмоционалдық қатынасты (симпатия, антипатия) анықтап,сыныптың белгілі-бір мүшесінің топтық жағдайын анықтау арқылы қарым-қатынаста алатын орнын белгілейсіз. Барлық зерттеу 15 минуттан аспайды. Нұсқаулық: Сізге үш негізгі таңдау түрі берілген: *Таңдау саны 3 - 5 шектелген; *Таңдаудың толық еркіндігіне жол беріледі (әркім қанша шешім қабылдаса, сонша қағазға жаза алады); * Зерттелуші ұсынылған критерийге байланысты сыныптың барлық мүшелерін таңдайды.
1)Егер сіздің сыныпыңыз таратылса, жаңа командада кіммен бірге оқуды (жұмыс істеуді) жалғастырғыңыз келеді?
2)Туған күніңізге кімді шақырар едіңіз?
3)Сіз өз сыныпыңызда кіммен көп күндік сапарға барар едіңіз?
4)Сыныпта кіммен бірге отырғың келеді?
5)Сыныпта кіммен бір партада отырғың келмейді?
6)Емтиханға қай сыныптасыңмен бірге оқығың келеді?
7)Сіз ешқашан емтиханға кіммен бірге оқымас едіңіз?
Нәтижелерді өңдеу: Социометриялық зерттеу нәтижелерін өңдеу үш әдісті қамтиды:
- Кесте
- Графика
- Көрсеткіштер.
Психолог мектеп оқушыларының жауаптарын зерттеп, кестеге мәліметтерді енгізеді. Онда тестілеуден өткен студенттердің тегі тізімі көрсетіледі, ал бағандарда таңдалған жауаптардың саны жазылады. Ұнату мен ұнатпаулардың өзара сәйкестігі дөңгелектенеді. Кестенің соңғы жолдары оң және теріс таңдаулардың жалпы санын қорытындылайды. Мәліметтерді талдау: I.Лидерлер - таңдаулардың ең көп саны бар балалар. Әдетте олар көшбасшылық қасиеттерге ие, сыныптастары арасында танымал, оларды тыңдайды және олардың мінез-құлқына еліктеуге тырысады. II.Беделділер - мұндай тұлғалар сұранысқа ие, командада өздерін еркін сезінеді және «жұлдыз» атағына таласады. III. Қабылданған- теріс емес, оң ұпай жинаған балалар. Белгілі бір белсенділіктің көрінісімен олар қолайлы топқа ауысуды талап ете алады. Сыныптастары оларды ренжітпейді.
Психопрофилактика – қоғамдық қауіпті құбылыстар мен аурулардың алдын-алу шараларын жоспарлау, білім алушылардың әлеуметтік-психологиялық жат қылықтарының алдын-алу
1-2 курс білімгерлерімен ұйымдастырушылық жиын
https://zhzhpk.edugov.kz/kz/2019-02-25-12-42-38/2019-09-16-06-01-07/2020-10-30-09-55-17/981-zerttelushige-arnal-an-n-s-ama#sigFreeIdf37fe4a3d1












