14 Мамыр 2022
222

ҚР Білім және ғылым министрлігі, КЕАҚ «Talap» ұйымдастырған ТжКББ ұйымдардың педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беру пәндері педагогтер арасындағы республикалық шеберлік конкурсына Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ағылшын тілі пә

ҚР Білім және ғылым министрлігі, КЕАҚ «Talap» ұйымдастырған ТжКББ ұйымдардың педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беру пәндері педагогтер арасындағы республикалық шеберлік конкурсына Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Ниетбаева Бану Батырханқызы қатысты. Нәтижесінде Бану Батырханқызы жүлделі ІІІ орын иеленді.

Конкурс 4 кезеңнен тұрды: 1-модуль «Мен және қоғам» (3 минуттық бейнеролик), 2-модуль «Әдістемелік жоба», 3-модуль «Мультимедиялық технологиялар», 4-модуль «Педагогикалық жағдай».

1-модуль «Мен және қоғам» бойынша педагогтың әлеуметтік жобалардағы адамгершілік бағыты мен жұмыспен қамтылуы әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қызметке қатысуы бағаланды.

2-модуль «Әдістемелік жоба» бойынша ұсынылған педагогикалық тәжірибенің оқу тәрбие процесі үшін маңыздылығы оқу процесіне білім беру технологияларын әзірлеу және енгізу процесіндегі инновациялық және эксперименттік қызмет әдістемеләк әлеуеті мен кәсіби құзіреттілігінің айқындылығы байқалды.

3-модуль «Мультимедиялық технологиялар» бойынша заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін игеру және пайдалану аспектісі бағаланды.

4-модуль «Педагогикалық жағдай» бойынша кәсіби педагогикалық құзіреттіліктерді, әдістер мен технологияларды пайдалану дағдыларын, орынды жағдайлар мен міндеттерді білу, жауапты шешімдер қабылдауды дербестік білдіру қабілеті байқалды.

Әдістемелік, ақпараттық және техникалық қамтамасыз естуді Ақмола облысының білім басқармасы, білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, колледждердің Білім бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі жүзеге асырды.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location