Сабақ-әдістердің тоғысу арнасы
«Педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау,үздік тәжірибені насихаттау» мақсатында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» практикалық сабақ қоржыны тақырыбында өткен іс-шарада география пәнінің оқытушысы Жұмабаева Ардақ Қалибекқызы қатысып, «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры» біліктілігінде оқитын 210-топ білім алушыларымен дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінен «Дүниетану пәндерін оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері» ашық сабақ өткізді.Сабақта Талдыкорган каласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі Педагогикалын шеберлік орталығының тренері Казыгулова Гаухар Ясынқызы «Білім алушылардың өзара әрекеттестігін белсендіруге арналған тәсілдер» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.
Ардақ Қалибекқызы«Қаламсап» әдісі, «Тұжырымдамалық карта» әдісі, «Визуалды айғақтар» әдісі «Padlet» виртуалды тақтасы мен Flippity серверінде Спиннер Рондем қосымшасын тиімді пайдаланды.
https://zhzhpk.edugov.kz/kz/2019-02-25-12-42-38/2019-02-25-13-08-54/2019-09-16-05-50-44/590-saba-disterdi-to-ysu-arnasy#sigFreeId793859b01f












