«ӨНЕРЛІ ӨРКЕНИЕТ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН-БИ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫП, «ХОРЕОГРАФИЯ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНДЫ ЖГТК СТУДЕНТТІ ИЕЛЕНДІ

«Өнерлі өркениет» атты Республикалық ән-би байқауына қатысып, «Хореография» номинациясы бойынша жүлделі І орынды «Айжан қыз» бишілер тобы иеленді. Жетекшісі Касымова Гулшат Нурдаулетқызы.

«ӨНЕРЛІ ӨРКЕНИЕТ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН-БИ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫП, «АСПАПТА ОЙНАУ» ЖӘНЕ «ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛ» НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ І ЖӘНЕ ІІ ОРЫНДАРДЫ ЖГТК СТУДЕНТТЕРІ ИЕЛЕНДІ

«Өнерлі өркениет» атты Республикалық ән-би байқауына қатысып, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша жүлделі І орынды Жомарт Арай, «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша «Орбұлақ» ВИА ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Қожаханов Бақыт Дүйсенғалиұлы.

"КИЕЛІ ЖЕРДІҢ - КИЕЛІ ӘНШІСІ" ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

"Музыкалық білім беру" мамандығының оқытушысы Жумалиева Күлімхан Өсербайқызының "Рухани жаңғыру" аясында "Киелі жердің - киелі әншісі" тақырыбында Дәнеш Рақышевтің қызы Гүлнар Дәнешқызы Рақышева және Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кенже шәкірті, Т.Жүргенов атындағы академияның доценті, 100 Жаңа есімнің иегері Нұржан Қабимолдаұлы Жанпейісовпен кездесу өткізді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН-БИ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫП, «АСПАПТА ОЙНАУ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ І ЖӘНЕ ІІ ОРЫНДАРДЫ ЖГТК СТУДЕНТТЕРІ ИЕЛЕНДІ

«Өнерлі өркениет» атты Республикалық ән-би байқауына қатысып, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша жүлделі І орынды Сүлеймен Олжас, ІІ орынды Исрайлов Мадияр иеленді. Жетекшісі Илиева Замурат Бухановна.

 

ЖАРКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТОП СТУДЕНТТЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ 1 ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық бірлестігінің «Бақытты Жаңа жылыңызбен!» жасөспірімдер фестивалінде «вокал» жанрында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің 308 топ студенттері Ибрагим Жансая Бас жүлдені иеленсе, І дәрежелі дипломмен Тоқтымамыт Ерсұлтан марапатталды.