Кәсіби бағдар жұмысы

Жаркент жоғары  гуманиталық-техникалық колледжінде Кәсіби бағдар жұмысы бойынша Ш.Уалиханов орта мектебінің 9 сынып оқушылары келіп, колледж тарихымен, оқу кабинеттерімен, колледжде дайындалатын мамандықтармен танысты.

Никотиннің әсері

Жаркент жоғары гуманитарлық – техникалық колледжінде халықтың тұтынушылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Никотиннің әсері» атты аудандық акция аясында Панфилов аудандық ТКҚСҚББ –ның ұйымдастыруымен колледж студенттеріне салауатты өмір салтын ұстану туралы профилактикалық ақпараттық сағат өткізілді.

Еріктілер жылы

22.01.2020 жылы Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің 101 топ және 107 топ студенттерінен құралған еріктілер тобы  және 101 топ кураторы Айжан Хақанқызы мен Жастар ісі жөніндегі инспектор Баратов Саят «Еріктілер жылы» аясында Мұхамади 16 үйдің тұрғыны Жұмагүл апамыздың үйіне барып тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан

Ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында 21 қаңтар күні колледж кітапханасының ұйымдастыруымен  виртуальды көрме өткізілді.

Жаркент жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінде "Сыбайлас жемқорлықты болдырмау", "Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру" мақсатында "Таза сессия" акциясы өтілді.

 Сонымен қатар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.