2025 жылдың 24 ақпан күні Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде 1 курс студенттерімен жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде көтерілген негізгі мәселелер: 1.мәселе. «Жасөспірім. Қылмыс. Жаза. Жауапкершілік» тақырыбы бойынша жасөспірімдердің қылмысқа бейімделу себептері, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының жауапкершілігі , алаяқтық, есірткі өнімдерін пайдалану немесе тарату және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты заң баптарының таныстырылуы
2.мәселе. Буллинг және аутодеструктивті мінез-құлық: алдын-алу және күресу жолдары
Колледж психологы Қыдырбаева Ұлжан Дүйсенқызы 1 курс студенттерді анонимді түрде жүргізілетін сауалнаманың нәтижелерімен таныстырды. Кез-келген мәселе орын алған кезде колледж психологының көмегіне жүгіну керек екенін айтты. Жатақханада тұратын студенттерге жеке басының проблемаларын жасырмай ең бірінші кезекте жатақхана тәрбиешісіне ескерту керек екені жайлы мәлімет берді.
https://zhzhpk.edugov.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/998-zhas-spirim-ylmys-zhaza-zhauapkershilik#sigFreeId8a4ae977b4












