2025 жылдың 24 ақпан күні Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде 1 курс студенттерімен жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде көтерілген негізгі мәселелер: 1.мәселе. «Жасөспірім. Қылмыс. Жаза. Жауапкершілік» тақырыбы бойынша жасөспірімдердің қылмысқа бейімделу себептері, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының жауапкершілігі , алаяқтық, есірткі өнімдерін пайдалану немесе тарату және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты заң баптарының таныстырылуы
2.мәселе. Буллинг және аутодеструктивті мінез-құлық: алдын-алу және күресу жолдары Колледж психологы Қыдырбаева Ұлжан Дүйсенқызы 1 курс студенттерді анонимді түрде жүргізілетін сауалнаманың нәтижелерімен таныстырды. Кез-келген мәселе орын алған кезде колледж психологының көмегіне жүгіну керек екенін айтты. Жатақханада тұратын студенттерге жеке басының проблемаларын жасырмай ең бірінші кезекте жатақхана тәрбиешісіне ескерту керек екені жайлы мәлімет берді.












