2025 жылдың 24 ақпан күні Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде 1 курс студенттерінің ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Негізгі көтерілген мәселе: Отбасы мен колледждің бірлескен жұмысын нығайту, жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету, күшейту әдістері. Панфилов ауданының Полиция бөлімінің полиция капитаны, колледж инспекторы Айдос Ғабиұлы колледж білім алушыларына сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық орталықтары, дүкен, мейрамханаларда жүруге қатаң түрде тыйым салынатынын ескертті. Бұл мәселе бойынша білім алушылардың ата-аналарына да Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 128 бабының 1 бөлімі негізінде кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқықбұзушылық жасауға тарту-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.












