Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің «Бастауыш және орта білім берудің Информатика мұғалімі» мамандығы бойынша 206 - топ студент-машықкерлері Жаркент жоғары орта мектебінде «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістерін, құралдарын, нысандарын қолдану» практикасы аясында практика әдіскері Н. Кенесованың жетекшілігімен 5 - 6 сыныптар арасында психологиялық-педагогикалық диагностикалық жұмыстары жүргізілді. Диагностика барысында оқушылардың әр түрлі қабілеттерін бақылады.












