2025 жылдың 22 қаңтар күні психологиялық қызметтің 2024-2025 жылдық жоспарына сәйкес колледж қызметкерлері және білім алушылардың әлеуметтік желіге тәуелділікті шектеу және бос уакытты тиімді пайдалану мақсатында "Телефонсыз бір күн" жобасы іске асырылды. Колледж директоры К.Бавашевна дәл осы күнді өзінен бастағанды жөн көріп, алғашқы ұялы телефонын тапсырған адам болды. Колледж оқытушыларыда бұл жобаны қолдап, атсалысты.
Дәл осы жоба аясында студенттердің арасында " Интернетсіз бір күн", "Телефонсыз бір күн" тақырыбында эссе жазылды. Студенттер аталмыш күн туралы өз ойларымен бөлісіп, бір күні телефонсыз қызықты өткізуге тырысып, белсенділікпен қатысты.












