302-топ студенттерінің «Болашақ мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастырудағы байқау іс-тәжірибесінің рөлі» атты конференциямыз Koremiz ток шоу форматында өткізілді. Конференция болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды. Тәжірибе алмасу, жаңа әдіс-тәсілдерді талқылау және цифрлық платформалармен жұмыс басты назарда болды. Машықкерлеріміздің байқау іс-тәжірибесіндегі қолданылған әдіс-тәсілдері, платформалармен жұмыс жүргізілу барысы сонымен қатар талдау, күнделік, қмж, дескриптордың дұрыс құрылу ретін ашып айтып өтті. Байқау іс-тәжірибесіндегі қызықты сәттері айтып өтіп қорытындылады.












