11 Желтоқсан 2024
31

«Мектепке дейінгі оқыту педагогикасы» кафедра апталығының ашылуы өтті.

9 желтоқсан 2024 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, балалар әдебиетінің майталманы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бердібек Соқпақбаев: Балалар әлемінің шынайы суретшісі» тақырыбы аясындағы «Мектепке дейінгі оқыту педагогикасы» кафедра апталығының ашылуы өтті. Онда Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Студенттердің ұйымдастыруымен «Менің атым Қожа» фильмінен үзінділер көрсетіліп, шығармалар жинағынан көрме ұйымдастырылды. Кафедра жетекшісі Ж.Рахметжанова апталықта өтілетін іс-шара жоспарымен таныстырды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location